Жасөспірім қыз анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған

Қазалы ауданында анасымен ренжісіп қалған жасөспірім қыз бір күннен кейін Қызылорда қаласынан табылды.

Алматы, NEGE. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны 20 қазан күні белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірім қызының үйге қайта оралмағаны жөнінде хабар берді. Іздестіру жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді. Бірнеше топқа бөлінген сақшылар ауданның барлық ауылы мен далалық жолдарды қарап шықты.

«Іздестіруге желілік полиция бөлімінің қызметкерлері де тартылды. Нәтижесінде үйінен кетіп қалған қыз бір тәулік ішінде Қызылорда қаласынан аман-есен табылды. Ол анасымен ұрсып қалғаннан кейін осындай шешімге келгенін айтты. Қазір ювеналды полиция қызметкерлері мәселенің мән-жайын тексеруде», - деді Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сәбит Арынов. Айта кетерлігі, қызылордалық полицейлер жыл басынан бері жоғалған 23 баланы ата-анасына тауып берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған