Жасыл желектерді күтіп ұстау тұрақты түрде жүргізіледі

Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

Шымкент, NEGE.  Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.

Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Build strip» ЖШС атқаруда.

Қазіргі таңда жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков және Темірлан тас жолы бойында атқарылуда.

Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, мамандар тарапынан қадағалануда. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді