Жасанды интеллект Қытайдан індет тарайтынын 31 желтоқсанда болжап қойған

BlueDot

аталатын бақылау жүйесі Қытайдағы індет жайлы ол туралы бүкіл әлем білгенге дейін бір апта бұрын болжаған екен.  Бұл туралы The Wired басылымы жазады.

Алматы, NEGE. АҚШ-тағы ұйымдар Қытайдағы жаңа індет жайлы 6-қаңтарда хабарласа, ДСҰ жаңа вирустың тарағаны туралы 9-қаңтарда жария етті. Ал канадалық жасанды интеллект жаңа жыл қарсаңында ақ Ухань қаласындағы вирустың Бангкок, Сеул және Токиоға, одан әрі әлемге тарайтынын есептеп шығарыпты. Арнайы алгоритм 65 тілдегі жаңалықтарды, жан-жануарлардың ауру туралы деректерді, әлеуметтік желідегі жазбаларды, тіпті әуе билеттері туралы ақпаратты талдау барысында осындай қорытындыға келген. Жасанды интеллектіні жасаған әрі BlueDot директоры  Камран Хан мұндай жүйе жасау туралы ой 2003 жылы әлемді өкпе қабынуы індеті дүрліктіргенде келгенін айтады. Қытай провинцияларында пайда болған індет 44 адамның өмірін қиып кеткен еді. Бұл жүйенің індеттің қай елдерге, қалай тарайтыны туралы да болжамдары дәл келген.  

BlueDot өз зерттеулерін көптеген елдің денсаулық сақтау саласындағы құзыретті өкілдеріне, әуе компаниялары мен ауруханаларға жолдап отырады.

Соңғы деректерге қарағанда жаңа вирус адамның денесіне жаңадан түсіп, әлі күшіне енбеген жағдайда да жұқпалы көрінеді. Әзірге бұл вирусқа қарсы вакцина табылмай тұр.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты