Жасағаны хайп, жинағаны лайк

Бүгінгі күні жастар арасында тез тарап, танымалдылыққа ие болып, сәнге айналған «хайп» сөзін күнде естіп жүрміз. Тіпті, жас өнерпаздар да «хайп» жасауға құмар-ақ. Жұрт сынай қалса, «қара пиар да пиар» дегенді алға тартады.

Танылу үшін арзан атақ арқылы «хайп» жасаушылар әлеуметтік желіге әдепке сәйкес келмейтін суреттерін жүктеп қана қоймай, түрлі образдар ойлап тауып, желіні шулатып жүр. Интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы қоғамға осы олқылықтарды алып келді. Жалған атақ қуып, өзін-өзі жарнамалап жүрген ессіз жастарға өнер иелері де оң қабақ танытпайды.

«Alemband» тобын нағыз хайпқұмарлар деп айтуға болады. Қос бірдей клипке атышулы Айжан Байзақованы таңдап, аудиториясын арттыруды көздеген топ, араға уақыт салып, жалаңаш образымен Қазнетте талқыға түскен  Шырын Нарчаеваны да шақырған. Танымалдылық үшін ерсі қылықты қыздармен шығармашылық байланыс орнатқан boysband-тің  бұл қадамын өнерде жүрген ағалары құптамайды.

Кенжебек Жанәбілов: Көп жастарымыз хайп деп кей кезде өздерін таныту үшін сәл ұятсыздау әрекеттер істеп, жолынан адасып кетіп жатады. Хайп жасаған дұрыс. Бірақ оны орнымен істеу керек деп ойлаймын.

Бейбіт Күшқалиев: Хайпта тұрған ештеңе жоқ. Бірақ шектен шықпау қажет. Өйткені сен адамсың. Ертең есейесің, бала-шағаң болады. Сондықтан кейін ұят болмайтын іс жасамасаң болды.

Қазіргі таңда Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында түрлі тәсіл арқылы  халықты таң қалдыруға құмартқандар қатары көбеймесе, сиремек емес. Бірақ бастысы, хайп қуамын деп, шектен шығып, ұятқа қалмаса болғаны.

 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды