Жас жігіт көлік ұрлап ұсталды

Өскеменде таңертеңгі сағат 4-тер шамасында полиция ұрланған «Волга» көлігін  айдап бара жатқан 18 жастағы жігітті ұстаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Полиция Департаменті хабарлады.

Алматы, NEGE. Артқы терезесі сынған көлік патрульдік полиция батальоны инспекторларының назарын аударған. Рөлде 18 жастағы жігіт мас болған, ол полиция қызметкерлеріне ешқандай құжат ұсына алмапты.

Кейін оның көлікті ұрлап кеткені анықталады. Күдікті ауладағы тұраққа қойылған көліктің терезесін сындырып, бөтен адамның көлігін заңсыз иемденген.

Кейін медициналық анықтама көрсеткендей, жігіт орташа дәрежеде мас болған. Оған қатысты жол ережесін бұзғаны үшін төрт әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, көлік құралын заңсыз айдап кеткені туралы сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ