Жас таланттарды қолдауға бағытталған радио әуе толқынына қосылды
Республика күні қарсаңында Қазақстанда жаңа радио өз жұмысын бастады. Онда тек қазіргі заманғы қазақ музыкасы қосылып тұратын болады. Станция ((beu)) Астанада - 100 FM және Алматыда 97.7 жиілікте хабар таратады.
Алматы, NEGE. Эфирде Q-поп, инди және R ' n ' B-ден бастап эксперименталды музыкаға дейін, яғни, әртістердің жаңа буыны жұмыс істейтін жанрлар көп болады, деп жазды Tengrinews.kz.
Жобаның басты идеясы ((beu)) - жас музыкалық қоғамдастықты қолдау, дамыту және көрермендерге қазақстандық сахнаның өскенін көрсету. Радиодада берілетін әндер, подкасттар мен шоулардың 90 пайызы қазақ тілінде болады.
Естеріңізге сала кетейік, ((beu)) - таңданудың эмоционалды белгісі. Жақшалар радио толқындарының таралуын білдіреді.
Радио тұжырымдамасы туралы толығырақ ақпарат 27 қыркүйекте Astana Media Week аясында ұсынылады. Ресми тұсаукесер Алматыда 3 қарашаға жоспарланған.