Жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды

Алматыда Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында қиын жағдайда қалған жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды.

Алматы, NEGE. Жобаның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және мегаполистегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. «Сенім кабинеттерінің ашылу салтанатына қала әкімдігі, сот өкілдері және қала жастары қатысты. Сенім кабинеттері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, face to face форматында және онлайн-режимінде жұмыс істейді. Алғашқы күні-ақ төрт отбасылық жұп сенім кабинеттерінде қажетті кеңес алды», – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Жас жұбайлар мұнда жоғары білікті психологтардан тегін кеңес пен психологиялық қолдау ала алады. Психологтар жастар мен студенттерге «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Отбасылық қатынастардың әртүрлі аспектілері» сияқты тақырыптар бойынша кездесулер, семинар-тренингтер мен дәрістер өткізеді.

Жас отбасылар мына мекенжайлар бойынша орналасқан 5 сенім кабинетіне жүгіне алады: - Төле би көшесі, 30, 23 қабат, № 27 бөлме 7 775 071 44 51; - Наурызбай батыр көшесі, 58, 3 қабат, № 63 бөлме 7 707 157 74 64; - Жандосов көшесі, 58, 4 қабат, № 409 бөлме 7 777 823 09 50; - Марков көшесі, 34, 1 қабат, № 101 бөлме 7 775 606 45 67; - Геологтар көшесі, 2, 32 қабат, № 6 бөлме 7 702 480 11 11. Келушілер жоғарыда көрсетілген телефондарға қоңырау шала алады немесе психологқа otbasy.almaty2020@gmail.com. электронды поштасы арқылы сұрақтар қоя алады. 

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды