Жас мамандар іске кірісті

Елорданың медициналық оқу орындарының 360-тан астам студенті COVID-19 науқастарын емдейтін емханаларда жұмыс істей бастайды.

Алматы, NEGE. Оларға елордалық дәрігерлермен бірдей еңбек және демалыс жағдайы қарастырылған.

Елорданың медициналық мекемелеріне 363 жас маман, оның ішінде 226 интерн, 113 резидент, 18 бакалавр, 5 магистрант және бір докторантура түлегі жұмысқа орналастырылды.

Жас мамандар қалалық ауруханалар, емханалар, диспансерлер мен қалалық жедел жәрдем станциясына жұмысқа орналасады.

Қазіргі уақытта жас мамандардың 43-і қалалық жұқпалы аурулар орталығы мен «Рамада Плазадағы» провизорлық стационарда орта және кіші медицина қызметкері (маман сертификаты жоқ) ретінде жұмыс істеп жатыр.

«Мен елордалық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасында мейірбике болып істеймін. Біздің дәрігерлердің қатты күйзелгенін көріп отырмыз. Сондықтан, осы қиын күндерде біз жұмысқа шығып, коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға көмектесудеміз. Біз дәрігерлердің басшылығымен әртүрлі процедуралық тапсырмаларды орындаймыз. Біз дәрі тамызғыш қойып, екпе жасап, науқастардың жағдайын қадағалаймыз», – дейді жас маман Жандос Насыбаев.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған