11 октября 2022 г. 9:38

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша конкурс басталады

Фото:

  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған конкурс жариялады.

Алматы, NEGE. Өтінімдер ғылымды дамытудың келесі бағыттары бойынша қабылданады:

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

- Энергетика және машина жасау;

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Өтінім қабылдау 11 қазанда басталады.

Тегтер: