Жарты тонна балық қырылды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Кіші Қоскөл көлінде балық қырылды.

Алматы, NEGE. СҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өлген балық Кіші Қоскөлдің солтүстік-батыс жағалауынан табылған.

500 келі өлі балық жиналған. Мамандар судың сынамасын зерттеуге алды. Ал өлген балықты ветеринарлық зертханаға жіберді. Ол жерде мөңкенің неден өлгенін анықтау үшін сараптама жасалады.

Ал көлді жалға алушы оны тазартып, өлген балықтарды жоюы керек. Көл басына экологтармен бірге облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының өкілдері, Антонов ауылдық округінің әкімдігі және Айыртау ветеринарлық стансасының мамандары барды.

Бұған дейін Тайынша ауданындағы Шағлытеңіз көлінде балық қырылған болатын. Арнайы құрылғы суқоймасы маңында күкіртсутектің мөлшерден көп болғаны анықталды.

Балықтың нақты қырылу себебін ведомствоаралық комиссия анықтайтын болады. Мамыр айында М.Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде де балық қырылған еді.

Ол жолы 500 келі мөңкенің қырылуына күкіртсутектің көп мөлшерде бөлінуі себеп болды.

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды