Жарты миллионнан астам түркістандық 42 500 теңге алды
Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін 42500 теңгені Түркістан облысы бойынша 544,5 мың тұрғын алған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, азаматтарға әлеуметтік төлем беру үшін 23,1 млрд теңге бөлінген.
Алматы, NEGE.