Жарнама мәтіндеріне рейд жүргізілді

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көшедегі жарнама мәтіндерін ретке келтіру, дұрыс жазылуын қадағалау мақсатында рейд жұмыстары қолға алынған.

Шымкент, NEGE. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудан аумағындағы көшелер бойында орналасқан жарнамалардың «ҚР тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында кәсіпкерлік нысандардағы бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында Тіл туралы заңның сақталмауы анықталып, мамандар тарапынан түзету туралы ескерту берілді. Аталған кемшіліктер түзетілмеген жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

«ҚР Тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес кез-келген көрнекi ақпараттың мәтiндерi ең алдымен мемлекеттiк тiлде жазылып, қажеттiгiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты