Жаркентте 3 айлық қызды пышақтап өлтірген
2023 жылдың 10 қаңтарында Жетісу облысының Жаркент қаласында қайғылы оқиға орын алып, үш айлық қыз бала пышақталды.
Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Жаркентте жаңа туған балаға пышақ жарақатын келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі ("Жас тұлғаны өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомство атап өткендей, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етуге жатпайды.