Жарыста мойын омыртқасын сындырып алған жас балуан көз жұмды

Спортшының денесі Ақтөбеге жеткізілді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

Pixabay

Алматы, NEGE. Жас спортшының денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен жеткізілген. Оның жанында жаттықтырушысы мен тума-туыстары болды.

«Бахтияр Ахай Ақтөбе қаласының тумасы. Белдесу кезінде қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алып, өмірден озды. Қонақасы бүгін болады. Ал, ертең шығару рәсімі өтеді», - деп хабарлады спорт басқармасы.

Айта кетейік, оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы Ерейментау ауданында өткен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Х дәстүрлі халықаралық турнир кезінде болды. Ақтөбелік балуан күрес әдісін орындау кезінде мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады