Жарысқа кетіп бара жатқан балалардың өліміне кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі екі айға қамалды

Хромтау аудандық соты жүк көлігінің жүргізушісін екі ай қамауда ұстау туралы қаулы шығарды. Жүргізуші Беларусь елінің азаматы.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бүгін Хромтау аудандық сотының тергеу судьясы жүк көлігінің жүргізушісіне қаулы шығарды.

- ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілген азамат С.-ға қатысты тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот тергеу уақытында екі ай мерзіміне, яғни, 7 қазанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?