«ЖАРЫС-АНТИТЕРРОР-2021» ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

2021 жылдың 11 қарашасы күнінің алғашқы жартысында ҚР Антитерротеррористік орталығының бастамасымен антитерротеррористік іс-қимылдарға қарсы «Жартас-Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.

Шымкент, NEGE.  Іс-шараның мақсаты терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шымкент қалалық жедел штабы мүшелерінің, олардың жедел топтары мен арнайы бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы, терроризм актілерінің жолын кесу барысындағы жағдайды бағалаудағы іс-жүзіндегі дағдылары мен шеберліктерін арттыру болып табылады.
Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. «Жартас-Антитеррор-2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылған.

Шымкент қаласының тұрғындарынан өткізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды