Жаппай вакцина салу науқаны басталды

Сингапурде жұртты жаппай вакциналау науқаны басталды.

Алматы, NEGE. Сингапурде жұртты жаппай вакциналау науқаны басталды. Екпені ең алдымен медицина мамандары қабылдайды. Белгілі болғандай, ақ халаттыларға Pfizer мен BioNTech жасаған препарат салынып жатыр. Осылайша Сингапур осы бір дәріні қолдануға рұқсат берген Азиядағы алғашқы ел атанып отыр. Айта кетейік, «Пфайзерден» бөлек ел билігі тағы бірнеше компаниямен келісім жасасқан. Сондықтан алдағы жылдың үшінші тоқсанына қарай 6 миллион азаматты толықтай вакциналауға дәрі жеткілікті болады деп күтілуде

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті