Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды.

Алматы, NEGE. NHK телеарнасы мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында қайтыс болды. Ол 67 жаста еді. 

Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті