Жапониядағы нөсерден 60-қа жуық адам қаза тапты

Жапонияның Кюсю аралында үш күн қатарынан жауған күшті нөсер салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, 16-сы хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы 8 шілде күні NHK телеарнасы хабарлады.

Aлматы, NEGE. Қаза болғандардың тізіміне ресми түрде 57 адам енгізілген, тағы екеуі клиникалық өлім жағдайында. Олардың барлығы дерлік жауын-шашыннан туындаған сырғымалар мен су тасқындарының құрбаны болды.
Қазіргі уақытта жауын-шашын Хонсю аралының орталық бөлігіне көшті. Нагано және Гифу префектураларында 54 мың адам эвакуациялау туралы ескерту алды.
Апат аймағына жергілікті құтқарушыларға көмекке 20 мыңға жуық әскери қызметкер жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды