Жапониядағы ең кәрі ер адам қайтыс болды

Жапонияда ең кәрі ер адам саналып келген Мотои Фукуниси бақилық болды. Оның жасы 110-да болатын, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Алматы, NEGE. Фукуниси Ибараки префектурасына қарасты Симоцума қаласында өмір сүрген. Ол 22 тамызда жергілікті ауруханада көз жұмған. Мотои Фукуниси 1910 жылдың 25 наурызында Симоцума шаһарында дүниеге келген. Мектепте мұғалім, сонан соң балабақша директоры болып қызмет атқарған. Енді Жапониядағы ең кәрі ер адам атағы 110 жастағы Микидзо Уэдаға тиесілі. Қария – Нара қаласының тұрғыны. Ал жапониялық Канэ Танака әлемдегі ең қарт әйел болып танылған.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты