Жапониядағы жер сілкінісінен 55 адам қаза тапты

Жапонияның Исикава префектурасында болған қатты жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 55 адамға дейін өсті.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Kyodo агенттігі хабарлауынша, 100-ден астам адам жарақат алды. Ең қуатты жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 баллға жетті. Бұл 1885 жылдан бері осы аймақта тіркелген ең күшті жер сілкінісі болды. 

Жер сілкіністері үйлердің қирауына және жүрдек пойыздардың қозғалысының тоқтауына себеп болды, 32 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, кейбір аудандарда су мен байланыс жоқ. Келесі күні жүрдек пойыздардың қозғалысы барлық бағыттар бойынша қалпына келтірілді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды