Жапонияда жер сілкінісінен 73 адам қаза тапты

Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 73 адамға жетті.  400-ге жуық тұрғын жараланған.

Алматы, NEGE. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ното түбегінде бірнеше қала қирап, ондаған мың тұрғын жарықсыз және ауызсусыз қалды.

Апат болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.