Жапонияда жаппай төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Жапония билігі коронавирустың өршуіне байланысты төтенше жағдай тәртібін бүкіл ел аумағына енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жапония билігі коронавирустың өршуіне байланысты төтенше жағдай тәртібін бүкіл ел аумағына енгізуді қарастырып жатыр. Елде мұндай режим сәуір айынан тек 7 префектурада қолданылып келген. Премьер-министр Синдзо Абэ мәселені алдымен вирусолог сарапшылармен талқыламақ. Егер үкімет осындай шешім қабылдаса, өзге елдердегідей азық-түлік дүкені, дәріхана және банктерден басқа орындардың бәрі жабылып, шектеу шаралары күшейтілмек. Айта кетейік, қазір Жапонияда COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 8600-ден асқан. Дерттен 178 науқас көз жұмды. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды