Жапонияда жанартау атқылап, Тынық мұхитында цунами болды

Бүгін таңертең Жапонияда Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Тонга аралында жанартау атқылап, салдарынан цунами болды.

Алматы, NEGE. Метеорологиялық агенттік табиғи апат туралы ескерту жариялап, 210 мың адам биік жерге ауысуға мәжбүр болды, деп жазылған ҚазАқпарат Kyodo News агенттігінде. Агенттік 3 метрлік цунамидің Амами аралы мен солтүстік-шығысындағы Иватэ префектурасын қосқанда, Жапонияның оңтүстік-батысындағы кейбір аралдарға зардап келтіруі мүмкін екендігін хабарлаған.

Сенбі күні түн жарымына таман Амами қаласында 1,2 метр биік, жексенбі күні таңғы 2:26-да Иватэ префектурасында биіктігі 1,1 метрлік, ал Хоккайдодан Кюсо мен Окинаваға дейін кішігірім цунами байқалған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр