Жапонияда жанартау атқылады

Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Сакурадзима жанартауы атқылады.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты Жапония метеорология басқармасы жанартау маңында жүруге тыйым салынған аймақты кеңейтті. Сакурадзима аспанға биіктігі 2,3 шақырымға дейін жететін түтін мен күл шашты.

Пирокластик ағын кратерден шамамен 1,8 шақырым жерде орналасқан ауданға дейін жеткен. Қауіптіліктің деңгейі өзгеріссіз, яғни бес балдық шкала бойынша үш балл болып қалған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды