Жапонияда туристерге шекара ашылды
COVID-19 пандемиясы аяқталғалы бері Жапония алғаш рет туристерге шекарасын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Алайда коронавирустың таралуын болдырмау үшін елге келген қонақтар үнемі бетперде киюге мәжбүр болады. Бұл туралы елдің Премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді. Ол шетелдік туристер бетперде кию талаптарын қатаң сақтау керек екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл талаптың орындалуын туристік гидтер бақылауда ұстайтын болады.