Жапонияда бір тәулікте 700-ден астам адамға КВИ жұқты
Жапонияда тағы 746 адамнан коронавирус табылды. Оның 212-сі Токиода тіркелген. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы 20 мен 30 жас аралығындағы азаматтар екен. Инфекциялық аурулар қауымдастығы төрағасы айтуынша, қазір Жапонияда коронавирустың екінші толқыны өтіп жатыр. Және алдағы уақытта күншығыс елі індеттің үшінші тіпті төртінші толқынына да тап болуы мүмкін. Айта кетейік, бүгінге дейін Жапонияда 63 мыңдай адам инфекция жұқтырған. Бір мыңнан астам науқас қаза тапты.