Жапонияда ҚР Ұлттық күніне орай Қазақстанның туы көтерілді
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысу үшін Жапонияға ресми сапармен келді.
Алматы, NEGE. EXPO National Day Hall (EXPO Ұлттық күнізалы) алаңында министр А. Шаққалиев пен Osaka EXPO 2025 қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының туын көтеру рәсімі өткізілді.
Министр өз сөзінде Жапония үкіметіне және көрмені ұйымдастыру комитетіне осы беделді халықаралық шараны жоғары деңгейде дайындап, өткізгені үшін шын жүректен алғысын білдіріп, бүгінгі күннің еліміз үшін маңыздылығын атапөтті.
«Бүгінгі шара қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған. Бұл өңірлердің географиялық қашықтығына қарамастан, рухымыздың жақынекендігін білдіреді, себебі бізді дәстүрлер мен аға буынға деген құрмет, білім мен еңбекке дегенжоғары мән біріктіреді», - деді А. Шаққалиев іс-шараның ресми ашылу салтанатында.
Сондай-ақ министр 1991 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел арасындағы сауда, инвестиция, ғылым, білім, экология және технология салаларында тұрақты ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Акиёси Като Осакадағы EXPO-да өткен еліміздің Ұлттық күнімен қазақстандық делегацияны құттықтап, өзсөзінде мәдени алмасудың өзара түсіністікті, ынтымақтастықты және екі ел арасындағы екіжақты байланыстарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Дүниежүзілік көрме қонақтары үшін Қазақстанның Ұлттық күнін мерекелеу шеңберіндеEXPO аумағында қазақстандық балуан, төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульниковтың, ұлттық киімдегі әртістер мен батырлардың қатысуымен ауқымды шеру ұйымдастырылды.
Шараның көркін кешкісін Expo Hall Shining Hat сахнасында қазақстандық өнер шеберлерінің қатысуымен өткен концерт ашты. Ауқымды мерекелік бағдарлама шамамен 3 мың көрерменді жинады. Концерт қазақ мәдениетінің байлығын паш еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің әуендерімен, Sarmad және Art Dombyra ансамбльдерінің этно және фольклорлық ырғақтарымен, опера солистері Зарина Алтынбаева мен Алтынбек Әбілданың керемет дауыстарымен, сондай-ақ «Бірлік» ансамблінің жігерлі би қойылымдарымен және Қазақстанның көптеген басқа да талантты әртістерінің өнерімен есте қалды. Кеште Қ. Сағырбайұлының, Н. Тілендиевтің, Қ. Ахмедияровтың, Л. Хамидидің, Е. Брусиловскийдің және халық сүйіспеншілігіне бөленген өзге де сазгерлердің туындылары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар шара барысында көрме аумағында Астана қаласы мен Ұлытау өңірінің инвестициялық және туристік әлеуетін көрсететін стендтер қойылды.
Қазақстандық павильон келушілер арасында өте танымал екенін айта кеткен жөн. Оған келген қонақтар саны 900 мыңға жетті.
Естеріңізге салып өтсек, биыл Жапонияның Осака қаласында EXPO 2025 дүниежүзілік көрмесі басталды. Ұйымдастырушылардың дерегі бойынша ауқымды іс-шараға 160 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысуда, 28 млн-нан астам келуші келеді деген болжам бар. Көрме 2025 жылдың 13 сәуірі мен 13 қазаны аралығында өтеді. Өткізу орны ретінде жасанды Юмешима аралы таңдалды. EXPO-ның басты тақырыбы – «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру», ол үш бағыт арқылы ашылады: «Өмірді құтқару», «Мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірді біріктіру».