Жапонияда алғаш рет премьер-министр болып әйел сайланды

Жапония парламенті Либералдық-демократиялық партияның төрайымы болған Санаэ Такаитиді премьер-министр лауазымына бекітті. Ол ел тарихында бұл қызметті атқарған алғашқы әйел болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның кандидатурасын депутаттардың басым бөлігі қолдады. Такаити Жапония тарихында бұл лауазымға тағайындалған алғашқы әйел атанды. Оның алғашқы кезектегі міндеттерінің бірі – жаңа министрлер кабинетін құру болмақ. Бұған дейін оппозицияда болған «Ниппон исин» партиясымен коалициялық келісім жасасқанына қарамастан, олардың парламентте абсолютті көпшілігі жоқ.

64 жастағы Санаэ Такаити Либерал-демократиялық партияның ең тәжірибелі әрі ең танымал саясаткерлерінің бірі. Ол 1961 жылы Нара қаласында дүниеге келген және премьер-министр болған көптеген алдыңғы тұлғалардан айырмашылығы, саясатпен байланысы жоқ қарапайым отбасында өскен. Әкесі автомобиль компаниясында жұмыс істеген, ал анасы полиция қызметінде болған.

Ол алғашқы министрлік қызметін 2006 жылы Синдзо Абэ үкіметінде атқарды. Кейінірек Ішкі істер және байланыс министрлігін басқарған, сондай-ақ Фумио Кисида кабинетіндегі экономикалық қауіпсіздік жөніндегі министр қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірбиесімен мемлекеттік сатып алуға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева

Атырау тұрғындары қаладағы ауа сапасына шағымданды: экологтар тексеру жүргізді

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді