Жапония Ресей көмірінен бас тарта ма?

Ресейге салынып жатқан санкциялар легі осы аптада да жалғасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жапония 400-ге жуық азаматтың активтерін бұғаттады. Бұдан бөлек, ресейлік алкогольді сусындар мен техниканы импорттауға тыйым салды. Қазір жапон билігі көмірден де бас тарту жағын қарастырып жатыр. Ал Франция Ресейдің тағы 6 дипломатын елден қуды. Францияның арнайы қызметі тергеу жүргізіп, Ресей елшілігінің қызметкерлері елдің ұлттық мүддесіне қарсы жұмыс істеді деген қорытындыға келген. Австралия болса, Ресейге қарсы салған санкциялардың тізімін кеңейтті. Оған 14 компания қосылды. Арасында «Газпром», «Транснефть», «Камаз» бар.  

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін