Жапония Олимпиаданың шетелдік көрермендерін екі апталық карантиннен босатпақ

Жапония үкіметі 2021 жылғы Токио Олимпиадасына келетін шетелдіктерді екі апталық карантиннен өту қажеттілігінен босату туралы мәселені қарастыруда, деп хабарлайды KYODO NEWS агенттігі.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Жапония билігі Олимпиаданың шетелдік көрермендерінің елге кіруіне міндетті шарттар жасауды жоспарлап отыр. Оның негізінде шетел азаматтары елге келмес бұрын жасалған коронавирус тестілеуінің теріс нәтижесі туралы бірнеше анықтаманың болуы шарт. Келгеннен кейін шетелдік азаматтар жергілікті биліктің бақылауында болады. Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс болған. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болды. Сонымен қатар «Токио-2020» ойындарының атауы да сақталған.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?