Жапония коронавирустан қауіптеніп, 1,6 мың мектепті жапты

Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо өңірінде коронавирустың таралу ықтималдығына байланысты барлық білім беру ошақтары жабылды. Бұл аймақта 1,6 мың мемлекеттік білім беру мекемелері жұмыс істейді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы 26 ақпан күні Kyodo агенттігі хабарлады.

Бүгінге дейін Хоккайдо аймағында қауіпті індет жұқтырудың 35 оқиғасы тіркелген. Жалпы, Жапония бойынша 862 адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың басым бөлігі  

(691 адам) Diamond Princess лайнерінде вирус жұқтырғандар. 

Қазір оқып жатыр

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты