Жапония банкі цифрлық валюта шығара бастады
Қытай өткен жылы цифрлық юаньға байланысты тәжірибе жасай бастаған еді. Жапонияның орталық банкі өзінің цифрлық валютасын шығара бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Қазір тәжірибенің бірінші кезеңі жүріп жатыр. Келесі жылдың наурызына дейін жалғасатын бірінші кезең барысында жаңа жүйенің ортасы құрылады. Сондай-ақ цифрлық валютаны шығару және өтеуге қатысты сынақтарды өткізу жоспарлануда. Бұған дейін Жапонияның орталық банкі осы кезеңде өзінің цифрлық валютасын шығаруды жоспарламайтынын, бірақ әлемдік тенденцияны ескере отырып осындай мүмкіндікті зерттеуге ниетті екенін хабарлаған еді. Ескере кететін жайт, Қытай өткен жылы цифрлық юаньға байланысты тәжірибе жасай бастаған еді. Еуропаның орталық банкі болса, алдағы бес жылда цифрлық еуроны іске қосуды көздеп отыр.