Жапония әр туристке күніне 185 доллар төлемек

Жапония билігі туризм индустриясына жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Пандемиядан ең көп зардап шеккен бұл салаға саяхатшыларды тарту үшін Үкімет елге келген әр туристке 185 доллар төлеу туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Kyodo News ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Go To Travel бағдарламасына мемлекеттік қазынадан 1,35 трлн иен, яғни 12,5 млрд доллар бөлінді. Жоба авторының айтуынша, субсидия Күншығыс еліне келген туристерд, ің 50 пайыз шығынын жаба алады. Үкіметтен берілген қаражатты мейрамхана немесе сауда орындарында жұмсауға болады. Ал аталған соманы алу үшін турист жергілікті қонақүйлердің бірінде тоқтауы міндетті. Оның өзін Жапонияның туристік компаниясы арқылы брондау қажет.   

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды