Жапония 12 мыңнан астам дәрі-дәрмек жеткізді
Жапония Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде коронавирусқа қарсы 12 мыңнан астам дәрі-дәрмек жеткізді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «14 мамырда Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12 200 таблеткадан тұратын препараттар бүгін Алматы қаласына жеткізілді.
Бұл жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қазақ билігі Жапония Үкіметіне «екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін» алғыс айтты.