Жапония премьер-министрі отставкаға кетпек

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба өз қызметінен кетуге ниетті, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

AP Photo / David Mareuil

Алматы, NEGE. БАҚ дерегінше, саясаткер мұндай шешімді билеуші Либерал-демократиялық партия ішінде алауыздықтың күшеюіне жол бермеу үшін қабылдаған. Шілдедегі сайлаудан кейін Исиба басқаратын коалиция парламенттің жоғарғы палатасында көпшілік орнын жоғалтқан. Осыдан кейін көп жапон саясаткері премьерді отставкаға кетуге үндеген еді.

Еске салайық, Сигэру Исиба парламент сайлауындағы сәтсіздіктен кейін қысымға ұшырады: экзитполдар Либерал-демократиялық партияның (ЛДП) ірі жеңіліске ұшырағанын көрсетті.

Сарапшылардың айтуынша, Исибаның отставкасы Жапонияны саяси тығырыққа тіреуі мүмкін. Бұл ел АҚШ-пен сауда тарифтері бойынша күрделі келіссөздер жүргізіп жатқан және аймақта Қытай тарапынан қысым артып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті