Жапония 2011 жылдан бері алғаш рет АЭС салмақ

Жапония 2011 жылдан бері алғашқы атом электр станциясын салуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды NHK.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Kansai Electric Power Co. энергетикалық компаниясы «Михама» атом электр станциясының бірінші энергоблогын қайта құруға дайындық аясында геологиялық зерттеулер мен басқа да тиісті жұмыстарды жүргізеді.

   «Михама» АЭС-і — Фукуи префектурасында орналасқан.

Жаңа немесе ауыстырылатын энергоблок салынса, бұл 2011 жылы Фукусима АЭС-і апатынан кейінгі алғашқы атом электр станциясы жобасы болатыны нақтыланды.

Телеарна ақпарат көздерінің хабарлауынша, энергетикалық компания тамыз айында зерттеу жұмыстарының басталуы туралы ресми мәлімдеме жасайды деп күтіліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады

Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады