Жапондық министр декретке шығады

Жапонияның қоршаған орта министрі Коидзуми Синдзиро – бұрынғы премьер-министр Коидзуми Дзюнъитиродың ұлы декретке кетуге шешім қабылдаған. Ол мұндай шешімге қаңтарда өмірге келетін тұңғыш баласын бағу мақсатында келген.

Алматы, NEGE. «Мен Қоршаған орта министрлігінің қызметкерлері еш қымсынбай бала қарау мақсатында еңбек демалысына шыққандарын қалаймын», – дейді Коидзуми.

Министр бала өмірге келгеннен кейін үш ай ішінде екі апталық демалысқа шығады. Жалпы министрдің демалысы оның лауазымы мен қызметіне кері әсер тигізбеу үшін қысқа жұмыс күндері мен қашықтықтағы жұмыс есебінен есептеледі. 

Сонымен қатар, министр видеожиналыс форматында жұмыс істеп, қызметкерлерімен электрон пошта арқылы байланысып отырады. Коиздуми декретке шығуды жары модель әрі тележүргізуші Кристел Такигаваның жүкті екенін білген сәттен ойлана бастаған екен. Жалпы Жапонияда бала күтіміне байланысты декретке шығу баланың әкесіне де, анасына да рұқсат етілген. Алайда бұл мүмкіндікті елдегі ер адамдардың аз бөлігі ғана қолданады екен.

Басты себеп: психологиялық жағдайлар. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?