Қытай азаматы бір отбасын қалай қырып салды?
Жапонияда 2003 жылы бір отбасыны қырып салған қытайлық Вэй Вэй деген қылмыскерді өлім жазасына кесті. Бұл Жапонияда 2007 жылдан бері шет ел азаматтарына қатысты орындалып отырған алғашқы өлім жазасы.
Алматы, NEGE. 2003 жылы Вэй Вэй өзінің екі досымен бірлесіп, 8 және 11 жастағы балалары бар бір отбасы мүшелерін өлтіріп кеткен. Бұл қылмыстық оқиғаның екі мүшесі Қытайға қашып кетіп, 2005 жылы тұтқындалды. Олардың біреуін сол жылы өлім жазасына кесіп, екіншісіне өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шыққан еді.
Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, Жапония «Үлкен жетілік» құрамындағы өлім жазасынан тыйылмай отырған АҚШ-тан кейінгі екінші ел.
Қазір Жапония түрмелерінде өлім жазасына кесілген 120 қылмыскер отыр. 2018 жылы жапон елі 15 адамды өлім жазасына кесті. Олардың 13-і «Аум Синрике» сектасының мүшелері.