Жапон ханшайымы Юрико Микаса 101 жасында қайтыс болды

Тайшо дәуірінде дүниеге келген Жапон ханшайымы Микаса Юрико 101 жасында қайтыс болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ханшайым көктемде Токиодағы клиникалардың біріне жатқызылды. Оған пневмонияға байланысты церебральды инфаркт диагнозы қойылған болатын. Бүгін 15 қарашада қайтыс болды.

Юрико Микаса ханзада Такахито Микасаның әйелі. Олар 1941 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыпты 75 жыл бірге өмір сүрді, тіпті 2016 жылы 22 қазанда үйлену тойының мерейтойын атап өтті, бес күннен кейін ханзада Микаса да 101 жасында қайтыс болды. 

Микаса ханшайым әртүрлі қайырымдылық ұйымдарының құрметті президенті қызметін атқарды, сонымен қатар Жапониядағы Қызыл Крест ұйымында белсенді болды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды