Жапаровтың туысы сұлулық байқауын жеңіп алды

Бішкекте «Қырғызстан аруы-2020» байқауы өтті.

Алматы, NEGE. «Қырғызстан аруы» атағын 20 жастағы Лазат Нұрқожаева жеңіп алды, – деп хабарлайды 24.kg.

Байқау жеңімпазы BMW автокөлігіне ие болды. 

Басылым мәліметінше, Лазат Нұрқожаеваның 2000 жылы дүниеге келгені белгілі. Сондай-ақ, оның Қырғызстан президенттігіне үміткер Садыр Жапаровтың бауыры Дәулет Жапаровтың туған қызы екені айтылады.

Нұрқожаева әлеуметтік желідегі парақшасында Садыр Жапаровқа, оның ұлына және тағы басқа туыстарына жазылған екен.