Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті

Бүгін өткен ұлықтау рәсімінде Садыр Жапаров ант берді. Одан кейін Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайлдабекова Садыр Жапаровқа президент куәлігін, төсбелгі және штандартты табыстады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Алматы, NEGE. Осылайша, Садыр Жапаров ресми түрде президент қызметіне кірісті. Ресми рәсімге бір мыңнан астам қонақ қатысты.

Атап өткенде, елдің танымал қайраткерлері, Жогорку Кенеш депутаттары, экс-президенттер, парламенттің бұрынғы спикерлері, бұрынғы премьер-министрлер, Қырғызстан конфессияларының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар және қарапайым азаматтар қатысты. Сондай-ақ рәсімге Жапаровтың өткен сайлаудағы қарсыластары шақырылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр