Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды
Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын мәлім етті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас – SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл - шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», – деп жазды Жансая Әбдімәлік. Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған. «Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-рет Бундеслига жеңімпазы атанды!», – деді ол. Еске салсақ, бұған дейін Жансая Әбдімәлік, Рухия Байдүкенова, Сәкен Бибосыновтың фильмге түсіп жатқаны туралы жазылды.