Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді
Шахматтан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік онлайн-олимпиадада көш бастап келеді.
Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы Қытай шахматшыларын басып озды. Ал Жансая Әбдімәлік әлемнің төрт дүркін чемпионы, қазіргі кезде әлемде бірінші орыннан түспей тұрған Хоу Ифанның алдына шықты. Тағы бір шахматшы қызымыз Бибісара Асаубаеа турнирдегі алты партияның бәрін де жеңді.
Онлайн-олимпиаданың төртінші турында Қазақстан алты партияның үшеуін жеңіп, біреуін 3.5-2.5-пен тең аяқтады. Жеңіске Жансая Әбдімәліктен басқа, Бибісара Асаубаеа мен Рамазан Жалмаханов жетті.