Жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырған 35 науқас жатыр

Атырау облысында жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырған 35 науқас жатыр.

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 37 науқас тіркелген. «Бұл – карантин жағдайындағы төменгі статистика. Қазір инфекциялық стационарларда 721 науқас, провизорлық​ стационарларда 368 науқас ем қабылдауда. ​ Жансақтау бөлімінде 35 адам емделіп жатыр. Қауіпті індеттен 18 адам қайтыс болды», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, Атырау облысында 1 170 орындық ​ инфекциялық стационар, ​ 787 провизорлық стационар бар. Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин 3 тамызға дейін создырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді