Жанқош Тұраров жеңіске жетті

Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz .

Алматинская NEGE. Кештің басты айқасында Ж.Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы үшін өтті.

10 раундқа есептелген айқас қазақстандық боксшының жеңісімен жетінші раундта аяқталды: ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді.

Ал Луис Энрике Ромеро профи-рингте үшінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұған дейін Ж.Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион болған еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды