Жанқош Тұраров қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен Луис Энрике жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеп, көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Ертең мен жеңіс үшін жұдырықтасамын. Көңіл-күй жақсы. Белбеуді өз Отанымда қалдырғым келеді. Ешқандай болжам жоқ. Бұл – спорт, мұнда бәрі болуы мүмкін. Ертеңгі рингтегі кездесу көрсетеді, – деді Жанқош Тұраров баспасөз мәслихатында.

Оның қарсыласы Луис Энрике де Қазақстанға жеңіс үшін жеткенін мәлімдеді. Айта кетейік, испаниялық боксшы Қазақстанға 8 желтоқсан күні ұшып келді.

Еске салайық, 11 желтоқсан күні кәсіпқой бокс шоуының басты жекпе-жегі жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) пен азулы Луис Энрике Ромеро (11-5-1, 7 КО) арасында өтеді. Қауіпті әрі аса тартысты болатын бұл айқаста IBO Intercontinental чемпиондық титулы бәске тігілген.

Луис Энрике өзінің DAZN аясында өткен соңғы жекпе-жегінде мықты румындық ринг шеберін нокаутпен жеңіп, әлемдік Boxrec рейтингіндегі ТОП-60 боксшының қатарына кірді.

Кәсіпқой бокс кешін әйгілі DAZN стримингілік сервисі тікелей трансляцияда жаһанның 100 миллион аудиториясына таратпақ. Бұл – ел спорты тарихындағы елеулі оқиғаның бірі әрі беделді спорт платформасының еліміздегі алғашқы эфирі.

Бокс кешінде Елхан Табынбаев (5-0, 3 КО) пен бразилиялық Матэус Да Сильвамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасады.

Ангелина Лукас (2-0, 1 KO) осы кеште танзаниялық мінезді қыз Лулу Каягемен (8-8-4, 2 КО) UBO чемпиондық титулын сарапқа салады. Бұл бокс кешінің төрінде Әлихан Төленбаев (2-0, 1 КО) пен Адлан Сельмурзаев (4-0, 3 КО) секілді қылыштай жарқылдаған жастар да өнерін көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды