Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын ойсырата жеңді

Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын жеңді деп хабарлады

Stan.kz.

Алматы, NEGE. Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте мексикалық боксшы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, қазақстандық айқын фаворит саналды.

Жекпе-жек он екі раундқа есептелген және Жанқош Тұраровтың жеңісімен аяқталды. 10-раундта Алехандро Менесес әрі қарай жұдырықтасудан бас тартты. 

Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуінің иегері атанды. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды