Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта қола жүлдеге ие болды

Венгрияда үстел теннисінен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирі өтті. 

Olympic.kz

Алматы, NEGE.  11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді.

Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді.

Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты