Жәнібекке жанкүйер болайық

Ертең АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласында жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізеді. Оның кезекті қарсыласы канадалық Альберт Онолуносе болмақ.

Алматы, NEGE. 39 жастағы Альберттің жеткен жетістігі анау айтқандай керемет болмағанымен, тәп-тәуір тәжірибесі бар. Кәсіпқой рингте 24 жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңілген. Ал біздің Жәнібек жеңілістің кермек дәмін татпаған.

Орта салмақ бойынша WBC Continental Americas және WBO Global белбеулері Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Жекпе-жекті 10 қараша күні таңғы 8:00-де «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады